Тергеу жүргізіліп жатыр
Атырауда полицейлер көпірден секірмек болған 17 жастағы жасөспірімді құтқарды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше жедел басқару орталығына Бергалиев көпірінен белгісіз жігіт секіргелі тұрғаны туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына дереу жеткен патрульдік полиция қызметкерлері көпір үстінде жасөспірімнің секіруге әрекет жасап жатқанын байқап, оған жақындап, сөйлескен.
Тәртіп сақшыларының жедел әрекетінің арқасында жасөспірім қауіпсіз жерге шығарылды.
Қазір жедел тергеу тобы жасөспірімнің бұл әрекетке баруының себептерін жан-жақты тексеріп, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.