×

«Қазтеміртранс» АҚ филиалының директоры жемқорлықпен ұсталды

Ол кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алып отырған

 Динара Амантай 16.06.2022 | 09:23
Фото: Halyq Uni

«Қазтеміртранс» АҚ-ның Қостанайдағы филиалы директорының жүйелі түрде пара алып отырғаны анықталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Күдікті облыс кәсіпкерлерінен жүк вагондарын кедергісіз және жедел бергені үшін жүйелі негізде пара алып отырғаны белгілі болды.

Күдіктіге қатысты сот «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады. Күдіктіге қатысты оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, қорытынды шешімді сот қабылдайды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың 19 мамырында Президент кәсіпкерлермен кездесу өткізген. Жиын барысында Тоқаев бизнестің жұмысына заңсыз кедергі жасау мемлекет мүддесіне қарсы бағытталған қылмыс ретінде қаралуға тиіс екенін атап өтіп, басым міндеттердің бірі – бизнеске қысым көрсету факторларын анықтаудың неғұрлым тиімді жүйесін құру екендігіне баса назар аударған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама