Halyq Uni логотип
×

Семейде жол апаты болып, бірнеше адам зардап шекті

Апатқа мас жүргізуші себепкер болды

 Қымбат Елтайқызы 09.12.2024 | 17:09
Семейде жол апаты болып, бірнеше адам зардап шекті
фото: @alashtimeskz

Семейде арнайы техниканың мас жүргізушісі жол-көлік оқиғасына себепкер болып, салдарынан адамдар зардап шекті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Кеше, 8 желтоқсан күні кешкі сағат 20:30 шамасында Қаржаубайұлы даңғылы мен Уәлиханов көшесінің қиылысында ауыр жол апаты болып, салдарынан адамдар зардап шекті, деп мәлімдеді alashtimeskz.

Алдын ала ақпарат бойынша, жүк тиегіштің мас жүргізушісі қауіпсіздікке көз жеткізбей, кенет бұрылыс жасаған. Бұл әрекет Lada Priora маркалы автокөлікпен соқтығысуға әкеліп соқты, ал ол басқаруды жоғалтқаннан кейін басқа Lexus 570 маркалы автомобильмен соғылды.

Көлік жүргізудегі жауапсыздықтың салдары ауыр болып шықты: Lada Priora автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушылары орташа ауыр жарақат алды. Зардап шеккендер қажетті көмек көрсету үшін жедел түрде медициналық мекемеге жеткізілді, – деді Абай облыстық полиция департаменті.

Жүк тиегіш жүргізушісіне қатысты денсаулыққа зиян келтірген жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама