Шығыс Қазақстанда жарылысқа жол берілмеді

Қымбат Елтайқызы

Төтенше жағдай бола жаздады

фото: ТЖМ

ТЖМ құтқарушылары жарылыстардың алдын алды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласында Березовская көшесінде орналасқан уақытша жұмыс істемейтін кәуапхана ғимараты жанды, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Өрт сөндірушілер келген кезде жиһаздар мен жеке заттар жанып, құрылыстан қою түтін шығып жатты. Газ түтіннен қорғау қызметі жалын аймағынан 1 газ және 1 оттегі баллонын шығарып, жарылыстардың алдын алды, – деп қосты ведомство.

От 30 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.