Қылмыстық іс тергеліп жатыр
Оралда полиция есірткі сатумен айналысқан 36 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Polisia.kz мәліметінше, күдікті қалада интимдік қызмет көрсетіп, есірткі таратумен айналысқан.
Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде 2 шетелдік ұйымдастырған есірткі зертханасы жойылды. Жалға алынған үйді тінту барысында синтетикалық есірткі өндіруге арналған жабдық және сатуға дайын 9 келі мефедрон есірткісі тәркіленді. Осылайша, 27 мыңнан аса бір реттік доза айналымға жіберілмеді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.