Halyq Uni логотип
×

Абай облысында Қытаймен арадағы шекарадан жаяу өте беруге болады

Жолаушыларға айына бір рет 25 келіге дейінгі жүкті тасымалдауға рұқсат етілген

 Халық үні 08.12.2024 | 16:35
Абай облысында Қытаймен арадағы шекарадан жаяу өте беруге болады
фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Абай облысында орналасқан «Бахты» шекаралық бекеті арқылы Қытаймен шекараны жаяу кесіп өтуге мүмкіндік берілді, деп хабарлайды Halyq Uni Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Енді «Бахты» шекара бекеті арқылы жаяу өтуге болады. Бұл қадам екі ел арасындағы байланыстарды нығайтып, саяхатшылар үшін қолайлы жағдай жасаумен қатар, тауар айналымын арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады, - деп жазылған хабарламада.

Шекара бекетінде терминалдарды жаңғырту жұмыстары аяқталғанға дейін туристер шекараны қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленген тәртіппен кесіп өтеді. Сонымен қатар жолаушыларға айына бір рет 25 келіге дейінгі жүкті тасымалдауға рұқсат етілген. Шекараны тек халықаралық жолаушылар тасымалына арнайы рұқсаты бар көлік құралдарымен ғана кесіп өтуге болады.

Ашылу салтанатына Мақаншы ауданының әкімі Дәурен Қойгелдин, Абай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Руслан Данияров, сондай-ақ Абай облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметі департаментінің бастығы, полковник Асхат Ахметов, Қытай тарапынан Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының ресми өкілдері қатысты, - делінген ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама