Halyq Uni логотип
×

Алматыда ауладағы ала сөмкеден өлі табылған әйелдің кім екені айтылды (ВИДЕО)

Аулада үнемі мас болып жүретін ол соңғы кезде көрінбей кеткен

 Халық үні 08.12.2024 | 15:19
Алматыда ауладағы ала сөмкеден өлі табылған әйелдің кім екені айтылды (ВИДЕО)
фото: дереккөз

Алматы қаласының Түрксіб ауданында 39 жастағы әйелдің денесі ала сөмкеге оралған күйде табылды. Белгісіз біреу пакетке келіншекті киімімен бүктеп орап, скотчпен байлап, ауланың жанындағы қуысқа тастаған, деп хабарлайды Halyq Uni stan.kz-ке сілтеме жасап.

Бір апта бойы көпқабатты үйдің жанында жатқан сөмкенің ішінде адамның денесі барын ешкім байқамаған. Тұрғындар аса жауыздықпен өлтірілген келіншекті танып отыр.

Ернат Багаев Түрксіб ауданында 10 жылдан аса уақыт тұрады. Ол 5 қарашада кешкі сағат 18:00-де 39 жастағы келіншектің денесін құзырлы органдар тапқанда куәгер болған. Айтуынша, ала сөмкеде киіміне ораулы жатқан адам – Гаухар есімді келіншек. Аулада үнемі мас болып жүретін ол соңғы кезде көрінбей кеткен.

Полиция сөмкені ашқанда мен қарай алмадым, бірақ оның Гаухар есімді келіншек екенін таныдым. Үнемі аула жанында мас болып жүретін. Бұл сөмкенің осы жерде тұрғанына бір аптадай уақыт болған, бірақ оның не екеніне ешкім мән бермепті. Өлі адамның денесі табылғанда қорқып кеттік. Ауладағы үлкен кісілер қол-аяғы кесулі болған деп жалған ақпарат айтып жатыр. Мүлде олай емес. Келіншекті бүктеп, өз киіміне ораған, сосын аузын скотчпен әбден орап, ешкім көрмейтін бұрышқа тастап кетіпті, – дейді Ернат Багаев.

Осы фактіге қатысты Түрксіб аудандық полиция басқармасы арнайы түсінік берді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Объективті мән-жайларды анықтауға бағытталған жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабы талаптарына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды, - делінген ведомство хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама