Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысында 10 ауданның 30-ға жуық ауылында ішімдік ішілмейді

«Ішімдіксіз ауыл» жобасының арқасында соңғы бірнеше жылда сол ауылдарда еш қылмыс тіркелмеген

 Халық үні 08.12.2024 | 11:00
Түркістан облысында 10 ауданның 30-ға жуық ауылында ішімдік ішілмейді
фото: karlukskoe.ru

«Ішімдіксіз ауыл» бастамасы Түркістан облысындағы 30-ға жуық елді мекенді қамтып, тұрғындары тату және қауіпсіз қоғамдастық құруға атсалысып жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жобаға Ордабасы мен Мақтарал аудандарынан 5 ауылдан, Келестен – 4, Сайрамнан – 3, Қазығұрт, Төлеби және Саураннан – 2-ден, Отырар, Жетісай және Арыс аудандарында 1 ауылдан қосылып, ауыл тұрғындары спирттік ішімдіктерді сатудан бас тартқан.

Мысалы, Сауран ауданындағы Нұртас ауылында 1 835 адам тұрады. Ауылда 1 мектеп, 2 балабақша болса, жергілікті тұрғындарға 3 дүкен қызмет көрсетеді. Ауыл тұрғындары құрт пен май дайындап, мал өсіреді.

«Бабадан мал қалғанша, тал қалсын» деген сөзді ұстанған жергілікті тұрғындар ағаш егіп, сенбілікке шығып, ол әрекеттері үлкен-кішінің игі дәстүріне айналған.

«Ішімдіксіз ауыл» жобасының арқасында соңғы бірнеше жылда 30-ға жуық ауылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Полицейлер ішімдік сатылмайтын ауылдардың саны өседі деп үміттенеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама