Halyq Uni логотип
×

Қарағандыда екі досын өлтірген адамның өзі ішімдіктен уланып көз жұмған

Марқұмдардың мәйіті пәтерде бір апта бойы жатқан

 Халық үні 07.12.2024 | 13:41
Қарағандыда екі досын өлтірген адамның өзі ішімдіктен уланып көз жұмған
фото: Halyq Uni

Қарағандыда 2 адамды өлтірген тұрғынның өзі сол қылмысынан кейін алкогольден уланып көз жұмды, деп хабарлайды Halyq Uni Instagram-дағы patriotkaragandy парақшасына сілтеме жасап.

Жергілікті полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға қаладағы Ержанов көшесінде болған.

Үш ер адам пәтерде бірге демалып, спирттік ішімдік ішкен. Сол кезде олардың арасында жанжал туындап, ер адамдардың бірі екі досын, соның ішінде пәтер иесін өлтірген. Қылмыс жасағаннан кейін ол есікті ішінен құлыптап, оқиға орнынан қашып кеткен, - делінген хабарламада.

Марқұмдардың мәйіті пәтерде бір апта бойы жатқан. Көршілердің күдігі туындап, олар полицияға хабарласқан. Оқиға орнына келген Михайлов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есікті бұзып ашып, зорлықпен өлтірілген екі адамның денесін тапқан.

Тергеу барысында полицейлер үшінші адамның кім екенін анықтап, оны Потанин көшесіндегі үйінен тапқан. Алайда олар барған сәтте күдікті үйінде өліп жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам сапасыз алкогольден уланған. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, екі адамның өліміне байланысты қылмыстық іс күдіктінің қайтыс болуына байланысты тоқтатылады, - деп patriotkaragandy материалында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама