Өңірлерден әкелінген етті алуға болады
Елордада 7-8 желтоқсан күндері Ақмола, Абай мен Павлодар облыстарының фермерлері қатысатын соғым Fest өткізіледі, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жергілікті әкімдік мәліметінше, іс-шаралар Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы Koktal СОО тұрағында ұйымдастырылады. Сондай-ақ, сауда ойын-сауық орталығында осы күндері Астана тұрғындарының қалалық ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді.
Мұнда Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан, яғни Қазақстанның түрлі өңірінен жергілікті фермерлер әрі өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары көкөністер және жемістер, ет, ұн әрі сүт өнімдері, кондитерлік өнімдер, табиғи шырындар, джемдер мен т.б. өнімдерді сатып ала алады, – деп қосты ведомство.
Жәрмеңке әр демалыс күндері таңғы сағат 10:00-ден кешкі 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Соғым Fest әр демалыс күндері сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін өткізіледі.