102 нөміріне шұғыл хабарлама түскен
Нұр-Сұлтан қаласында 31 жастағы әйел көпқабатты үйдің 16-қабатынан секіріп кетті. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, 15 маусым күні «102» нөміріне Е-753 көшесіндегі үйдің ауласында мәйіт табылғаны туралы ақпарат түскен.
«Полиция қызметкерлері әйелдің жеке басын анықтады. Ол елорданың 31 жастағы тұрғыны болып шықты», - делінген хабарламада.
Полиция марқұмның 16-қабаттан секіріп кеткенін нақтылады.
Бұл фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды.