Halyq Uni логотип
×

«Доллар күрт қымбаттады». Үйдің бағасы өсе ме?

Мемлекет тек әлеуметтік тұрғын үйдің бағасын бақылауда ұстайды 

 Дәурен Ерболат 03.12.2024 | 12:44
«Доллар күрт қымбаттады». Үйдің бағасы өсе ме?
Фото: Halyq Uni

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев доллардың күрт қымбаттап, теңгенің құнсыздануы Қазақстандағы тұрғын үй нарығына қалай әсер ететініне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, министрлік әлеуметтік тұрғын үй бағасының тұрақты болуы үшін шаралар қабылдайды.

Мұнда біз «Наурыз», «Отау» бағдарламалары және әкімдік нарықтан сатып алатын жалға берілетін үйлер туралы айтып отырмыз. Әрине, мемлекет бағаның жоғарғы шегін өте қатаң бақылауда ұстайды. Келесі жылы мұнда өзгеріс күтпейміз, – деді Қанат Шарлапаев Үкіметтің баспасөз орталығында.

Оның айтуынша, елімізде құрылыс материалдарының шамамен 70%-ы өндіріледі. Олар – жергілікті тауарлар, цемент, бетон. 

«Сондықтан біз әлеуметтік бағдарламалар аясында бағаның жоғарғы шегін шектеуге мүмкіндігіміз бар. Мемлекет бұл бағытта жұмысты жүргізеді, – деді министр.

Қанат Шарлапаев жеке тұрғын үй нарығына тоқталды.

Қазір нарықта көптеген ұсыныс бар. Мысалы, премиум, эконом-класс санатындағы және қымбат пәтерлер бар. Мұнда нарық механизмі жұмыс істейді. Қазақстанда құрылыс материалдарының 70%-ы өндіріледі. Мысалы, арматура, темірбетон бұйымдары мен цемент. Оларды шетелден жеткізу мүмкін емес. Осыған байланысты оны елімізде өндіру керек. Қазақстанда өндірілген материалдардың есебінен нарықтың әсерін шектеуге болады деп есептейміз, – деді ол.

Министр доллар бағамы көтерілген соң, үйдің қымбаттауы мүмкін екенін жоққа шығармады. 

Нарықта ештеңені жоққа шығаруға болмайды. Менің ойымша, нарықтағы кейбір сегментте өзгерістер болады. Нарықтық экономиканы ескерсек, тұрғын үйдің әрбір сегментінде өз сатып алушысы бар. Сондықтан мұнда тікелей болжам жасау қиын, – деді Қанат Шарлапаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама