Қызылордада браконьерлерден 2 мың киік мүйізі тәркіленді
Тағы бір қылмыс анықталды
Қызылорда облысы тұрғындарынан 2 мыңнан астам киік мүйізі тәркіленді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Арал ауданына қарасты Сексеуіл ауылында тәртіп сақшылары жойылып кету қаупі бар жануарлардың дериваттарын сатумен айналысқан азаматтарды ұстады, деп мәлімдеді Polisia.kz.
Олардан жалпы салмағы 400 келі болатын 2038 киік мүйізі, электронды таразылар мен екі автокөлік тәркіленді, – делінген ақпаратта.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.