×

Атырауда халық жолды жөндеуді өздері қолға алды

Қала әкімдігі кәріз жүйесін жөндеуге байланысты жұмыстар кешігіп жатыр деп түсіндірген

 Дастан Жұмабекұлы 15.06.2022 | 18:31
Видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Атырау қаласының тұрғындарының Әуезов көшесіндегі соңғы аялдамадан Құрманғазы мәдениет сарайына дейінгі жолдың бойындағы шұңқырларды өз қолдарымен бітеп жатқан видеосы тарады.

«Ақ Жайық» газетінің хабарлауынша, Атырау қаласының әкімдігі тұрғындарға кәріз жүйесін жөндеуге байланысты жолдың жөндеу жұмыстары кешігіп жатыр деп түсіндірген. Содан кейін жергілікті халық жөндеу жұмыстарын ұзақ күткеннен кейін өздері екі қолға бір күрек алған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама