Бала бұрынғы қателігінен сабақ алмаған
Павлодарда полиция мас жасөспірімнің ата-анасын жауапқа тартты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Тәртіп сақшылары түнгі сағат 3.10-да қаладағы Естай көшесінде мас жөспірімнің жүргенін анықтаған. Бала полицейлердің сұрағына жауап бере алмаған. Тіпті, ол қарсылық көрсетіп, дөрекі сөз айтқан.
Бұған дейін де жасөсірім ұсақ бұзақылық жасағаны үшін бөлімге жеткізілген.
Полиция бөліміне жасөспірімнің ата-анасы шақыртылды. Медициналық тексеріс барысында баланың орташа мас болғаны анықталды. Материал сотта қаралды. Осылайша, ата-анаға 100 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды, - деп жазылған Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Айта кетейік, биыл Павлодар облысында балалары қоғамдық орындарда мас жүргені үшін 82 ата-ана әкімшілік жауапқа тартылса, балалары (14-16 жас аралығы) ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 39 ата-ана заң алдында жауап берді.