Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Қарағандыдағы аудандардың бірінде жұмыс істеген ірі есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жүргізілген арнайы іс-шаралар барысында қаладағы саяжайлардың бірінде 39 жастағы қарағандылықтың BMW X5 маркалы автокөлігіне тиелген 6 ағаш бөшке (прекурсор) анықталған.
Үйді тінту кезінде 1 тоннадан астам прекурсор мен 10 келіден астам дайын альфа-pvp есірткі заты тәркіленді.
Оның ішінде:
Жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде 500 мың дозаға жуық синтетикалық есірткінің қара нарыққа шығарылуына жол берілмеді. Қылмыстық іске қатысы бар күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген полиция хабарламасында.
Тәркіленген заттар бойынша сараптама тағайындалып, қосымша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.