Halyq Uni логотип
×

Қарағандыда ірі есірткі зертханасы жойылды

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 02.12.2024 | 10:01
Қарағандыда ірі есірткі зертханасы жойылды
Фото: polisia.kz

Қарағандыдағы аудандардың бірінде жұмыс істеген ірі есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жүргізілген арнайы іс-шаралар барысында қаладағы саяжайлардың бірінде 39 жастағы қарағандылықтың BMW X5 маркалы автокөлігіне тиелген 6 ағаш бөшке (прекурсор) анықталған.

Үйді тінту кезінде 1 тоннадан астам прекурсор мен 10 келіден астам дайын альфа-pvp есірткі заты тәркіленді.

Оның ішінде:

  • 6 прекурсорлары бар ағаш бөшкелер;
  • кептіру процесінде құрамында психотроптық зат болуы мүмкін күдікті сұйықтық салынған 35 шыны науа;
  • белгісіз сұйықтығы бар 33 канистр;
  • 4 қап ұнтақ зат;
  • сүзгілері бар 5 противогаз;
  • жалпы салмағы шамамен 3 келі дайын альфа-pvp есірткісі бар 3 вакуумды қап;
  • есірткі заттарды өндіруге арналған жабдықтар (араластырғыштар, вакуумизатор, металл желдеткіш бөлшектер);
  • таразылар, ұялы телефондар, жүйелік блок және заңсыз әрекеттерге қатысты басқа да заттар тәркіленді.

Жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде 500 мың дозаға жуық синтетикалық есірткінің қара нарыққа шығарылуына жол берілмеді. Қылмыстық іске қатысы бар күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген полиция хабарламасында.

Тәркіленген заттар бойынша сараптама тағайындалып, қосымша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама