Грузиядағы наразылық: Парламент ғимараты өртенді

Халық үні

Президент қазіргі Парламентті «заңсыз» деп санайды және наразы халықты қолдап отыр

фото: Зураб Церцвадзе

Грузия Парламентінің ғимаратынан өрт шықты. Оның шығуына ғимарат терезесіне ұшып кеткен петарданың жарылуы себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Halyq Uni Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Өрттен зардап шеккендердің бар-жоғы әзірге белгісіз.

Грузия Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі наразылық білдірушілердің Парламент ғимаратының қасбетіндегі 10 шақты терезені сындырғанын хабарлады. Демонстранттар өртегеннен бөлек, ғимараттың темір қоршауларын сындыру үшін тас пен басқа да заттарды лақтырған.

Грузияның қазіргі президенті Саломе Зурабишвили мерзімі біткеніне қарамастан, өз өкілеттігінен бас тартқысы келмейтінін мәлімдеді. Президент қазіргі Парламентті «заңсыз» деп санайды және наразы халықты қолдап отыр.

Мен сіздің президентіңіз болып қала беремін. Сәйкесінше, заңсыз Парламент жаңа президентті сайлай алмайды, – деді Зурабишвили.

Сондай-ақ ол өзінің мандаты «заңды сайланған Парламент болғанша жалғасатынын» айтты.

Сондай-ақ АҚШ мемлекеттік департаменті Грузиямен стратегиялық серіктестікті тоқтатқанын мәлімдеді. Олар жаңа биліктің демократияға қарсы әрекеттерін қолдамайды. 

«Грузия арманының» демократияға қарсы әртүрлі әрекеттері ортақ құндылықтарға және демократияға, заң үстемдігіне, азаматтық қоғамға, адам құқығы мен негізгі бостандықты құрметтеуге негізделген АҚШ-Грузия стратегиялық серіктестігіміздің қағидаттарын бұзды. Сол үшін АҚШ серіктестікті тоқтатты, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, олар Грузия Үкіметін Еуроатлантикалық жолға оралуға, парламенттік сайлаудағы барлық заңбұзушылықтарды ашық тексеруге және сөз бостандығын шектейтін демократияға қарсы заңдарды жоюға шақырды.