Halyq Uni логотип
×

Шымкентте 34 жастағы келіншек 10-баласын босанды

Нәрестенің салмағы – 4 900 грамм

 Халық үні 30.11.2024 | 11:42
Шымкентте 34 жастағы келіншек 10-баласын босанды
фото: instagram.com/ akimat_shymkent

Шымкентте 34 жастағы келіншек 10 баланың анасы атанды, деп хабарлайды Halyq Uni қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1990 жылы туған Азиза Қалиева ұлын қалалық перинаталды орталықта кесарь тілігі арқылы босанған. Әкімдіктің Instagram-дағы мәліметінше, нәрестенің салмағы – 4 900 грамм. Қазір ана мен сәбидің жағдайы жақсы.

Айта кетcек, қалалық перинаталдық орталықта биылдан бастап неонаталдық хирургиялық операциялар жасала бастады. Мамандандырылған көмек түрлерін көрсетуге барлық жағдай жасалған. Мұнда ішкі ағзалар ақауымен туған 40-тан аса сәбиге күрделі ота өткізілген.

Сондай-ақ перинаталдық орталықта жыл басынан бері 7 517 сәби дүниеге келген. Оның ішінде мерзіміне жетпей туған 707 нәресте және 96 егіз бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама