Halyq Uni логотип
×

Алматыда тікелей эфирде жұртты балағаттаған адам қамауға алынды

Ол өзінің арандатушылыққа ұшырап, эмоцияға берілгенін айтты

 Халық үні 29.11.2024 | 21:19
Алматыда тікелей эфирде жұртты балағаттаған адам қамауға алынды
фото: Halyq Uni

Алматы қаласының Әкімшілік құқықбұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында телебағдарламаның тікелей эфирі кезінде бейәдеп сөз айтқан ер адамға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Сотта 2024 жылдың қазан айында Ш.-ның телеарна ғимаратында тікелей эфир барысында қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік танытып, әдепсіз сөздер айтқаны анықталды.

Сотта Ш. өз кінәсін мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растап, арандатушылыққа ұшырап, эмоцияға беріліп кеткенін мәлімдеді.

Сот қаулысымен Ш. ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 5 тәулікке қамауға алу түріндегі (немесе 20 АЕК көлемінде айыппұл) әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама