×

Атырауда иттің атылғаны жөніндегі жалған құжатпен кәсіпкерге ақша аударылған

Адамдарды ит қабу дерегі әлі тіркеліп жатыр

 Еркеғали Болатұлы 15.06.2022 | 17:44
фото: ашық дереккөз

Атырау қаласының прокуратурасы ветеринария органдарының ит атылғаны жөнінде жалған құжаттар ұсынғанын анықтады. Осылайша олар кәсіпкерге бюджеттен қаражат аударған.

Қазір бюджетке келтірілген залал толықтай өтеліп, жауапты адамдар қатаң тәртіптік жауапқа тартылып отыр.

Соңғы кезде Атырау қаласында иттердің адамдарға, әсіресе, кәмелетке толмағандарға шабуылдауы жиіледі. Биылғы жыл басынан бері 112 адамды ит қабу дерегі тіркелді. Оның ішінде кәмелетке толмаған 70 жасөспірім бар.

Осыған байланысты қала прокуратурасы уәкілетті органдардың тарапынан бұралқы иттерді аулау бағытындағы жұмыстың нәтижесіздігіне, «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңының тиісті орындалмауына байланысты ұсыныс енгізді», - деп мәлімдеді қалалық прокуратура.

Соның нәтижесінде прокуратура, полиция және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінен арнайы мобильді топ құрылып, кешенді шаралар жоспары бекітілген. Алайда қабылданған шараларға қарамастан, адамдарды ит қабу дерегі әлі тіркеліп жатыр. Сол себепті, прокуратура ата-аналарға балаларын қоғамдық орындарда ерекше бақылауға алу қажеттігін ескертіп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама