×

Құқығым тағы бұзылды - Елжан Біртанов

Үйқамақта отырған экс-министр мәлімдеме жасады

 Халық үні 14.01.2022 | 11:59
Елжан Біртанов, экс-министр

Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы жазба жариялады.

Заң және менің қорғануға деген құқықтарым кезекті рет бұзылды. Тергеу жүргізу кезінде Қаржы мониторингі агенттігі тарапынан заңның өрескел бұзылуына деген біздің шағымдарымыз және тиісті шаралар қабылау туралы Бас прокуратураға өтінішіміз қаралған жоқ, бірақ айыптау актісі бекітіліп қойды... Сонда біздің ұстанымыз бен құқықтарымыз ешкімді мазаламай ма?, - деп жазды әлеуметтік желіде Біртанов.

Қарашада экс-министрдің үйқамақ мерзімі тағы 2 айға ұзартылған болатын. Біртанов сотта «мемлекетке ешқандай залал келтірген жоқпын» деп мәлімдеген еді.

Сот экс-министрдің өтінішін елемей, осындай шешім қабылдады. Біртанов өзінің кінәлі емес екенін, кінәсін дәлелдейтін деректердің жоқ екенін алға тартты. Сондай-ақ экс-министр елден қашпайтынын және өзінің еш кінәсі жоғын да дәлелдейтінін жеткізді. Онымен қоса, ол жауапты органдар бұл істе қаралып жатқан материалдарды қорғаушыларға бермей жатқанын, соның салдарынан жауап беруші тарап тағылып жатқан айыптың мән-жайын зерттей алмай жатқанын айтты.

Бұл істің қылмыстық құрамы жоқ. Менің қызметімді асыра пайдалануымды дәлелдейтін деректер де жоқ. Мемлекетке ешқандай залал келтірген жоқпын. Ақпараттық платоформа келісімге сәйкес қолданысқа алынды. Ол жұмыс істейді. Осы орайда мені үйде қамау туралы шешімді жоюды талап етемін. Сондай-ақ бұл іске қатысты барлық материалды бізге беруді сұраймыз. Біз де оларды зерттегіміз келеді, - деді экс-министр.

БІРТАНОВ ІСІ

Елжан Біртанов Мемлекет басшысының жарлығымен 2020 жылғы 25 маусымда Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды;

2020 жылғы 3 қарашада экс-министрге қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды;

2020 жылғы 7 қарашада төрт айға үйқамаққа алынды;

2021 жылғы 12 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты экс-министрдің үйқамақтағы мерзімін наурыз айының соңына дейін ұзартты;

2021 жылғы 6 мамырда сот Елжан Біртановтың үйқамақ уақытын 14 маусымға дейін созды;

2021 жылғы 9 маусымда Біртановтың үйқамақ уақыты 14 шілдеге дейін созылды;

2021 жылғы 14 шілдеде сот экс-министрдің үйқамақ мерзімін 14 қыркүйекке дейін ұзартты;

2021 жылғы 14 қыркүйекте экс-министрдің үйқамақ мерзімі 14 қарашаға дейін ұзартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама