Бұл төлемді алғандарға әкімдікке өтініш берудің қажеті жоқ
Алматы мәслихатының депутаттары коммуналдық қызмет тарифінің өсуіне байланысты 2025 жылғы 1 сәуірге дейін халықтың әлеуметтік осал санатына жататын тұрғындар үшін өтемақы мөлшерін көбейту туралы шешімді бірауыздан қабылдады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қала әкімінің тапсырмасы бойынша «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасы аясында 2023 жылдың шілдесінен бастап 0,8 АЕК мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік төлем көрсетілді. Әлеуметтік көмектің бұл түрін халықтың әлеуметтік осал санатына (ХӘОТ) жататын 140 мыңнан аса адам алды.
Біз коммуналдық инфрақұрылымның тозуына байланысты тарифті көтеру керегін түсінеміз. Бірақ Алматы әкімдігі халықтың әлеуметтік осал санаттарына жататын тұрғындарға көмек қажет түсінеді, - деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов.
Осылайша, 2025 жылғы 1 сәуірге дейін халықтың әлеуметтік осал санатына жататын тұрғындарға өтемақы мөлшері 0,8 АЕК-ке көтерілді.
Айта кетейік, ХӘОТ-тың 9 санатына жататындар әлеуметтік төлем алу үшін (ҰОС ардагерлері, ҰОС ардагерлеріне жеңілдіктер бойынша теңестірілген басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік қимылдардың ардагерлері, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгісімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқару кезінде, әскери қызметте, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасы, құқық саласында еңбек еткен зейнеткерлер, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар) қала әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш беруі керек. Олар Алматыда тұрақты тіркеуде болуы шарт
Көмектің осы түрін рәсімдегендерге өтініш берудің қажеті жоқ, оларға әлеуметтік көмек автоматты түрде ұзартылады.