Halyq Uni логотип
×

Қарағандыда 50 млн теңгенің темекісі тәркіленді

Заңсыз сатылым азаймай тұр

 Қымбат Елтайқызы 29.11.2024 | 17:44
Қарағандыда 50 млн теңгенің темекісі тәркіленді
фото: polisia.kz

Тәртіп сақшылары темекі өнімдерін сататын дүкендердің бірінен заңсыз темекі өнімдерін сату фактісін анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 47 мың қорапқа жуық акцизсіз өнім тәркіленді.

Алдын ала есеп бойынша, мемлекетке келтірілген шығын көлемі 50 миллион 274 мың теңгені құрады. Сақшылар аталған өнімдерді сатумен айналысқан екі адамды анықтады, – делінген ақпаратта.

Қазір оқиғаның мән-жайы және осы іске қатысты басқа да тұлғаларды анықтау бойынша іс-шаралар жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама