Halyq Uni логотип
×

Жарты млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған күтуші әйел ұсталды

Ол әшекейлерді ломбардқа өткізген

 Қымбат Елтайқызы 29.11.2024 | 15:42
Жарты млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған күтуші әйел ұсталды
фото: видеодан скриншот

Астанада күтуші әйел жарты млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, тергеу барысында жәбірленуші отбасының 29 жастағы елорда тұрғынын күтуші етіп жұмысқа алғаны анықталды.

Әйел адам жарты жылға жуық жұмыс барысында жұмыс берушілердің сеніміне әбден кіріп, зергерлік бұйымдарды бірнеше рет ұрлағаны белгілі болды. Ол ұрланған мүлікті ломбардқа тапсырып, алған ақшасын жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 550 мың теңгені құрады, – делінген ақпаратта.

Әйел адам өз кінәсін мойындады. Айғақ заттар алынды. Қазір оның басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Қалалық полиция департаменті тұрғындарға сақтық шараларын сақтауды ескертеді. Жалданған қызметкерлердің өмірбаяны мен ұсынымдарын мұқият тексеріп, құнды заттарды қараусыз қалдырмаңыздар, дейді мамандар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама