Астанада жыныстық қанауға қатысты 5 адам қамауға алынды
Осыған ұқсас қылмыстар бүкіл елде анықталды
Ішкі істер министрлігі «STOP-трафик» операциясының нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ақпаратқа сәйкес, адамдардың «трафигіне» байланысты ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны үшін сотқа дейінгі 2 қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталды.
Атап айтқанда, Астанада жыныстық қанау бойынша жүйелі түрде қылмыс жасаған, ҰҚТ-ның қылмыстық әрекеті тоқтатылып, 5 күдікті адам қамауға алынды, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Павлодар облысында осындай қылмыстық топтың жолы кесіліп, 5 адам жауапкершілікке тартылып жатыр. Еңбекке қанау фактілерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді.
Абай облысында 3 жыл бойы 40 жастағы ер адамды физикалық зорлық-зомбылық көрсетіп, құлдықта ұстаған шаруа қожалығының иесі ұсталды. Жәбірленушіге медициналық және психологиялық көмек көрсетілді, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар Қонаев қаласында казинолардың бірінде жүйелі негізде сексуалдық сипаттағы қызметтер көрсету фактілері анықталды. Полицияға 14 адам, оның ішінде осы мекеменің қызметкерлері жеткізілді.
Осыған ұқсас қылмыстар бүкіл елде анықталды. Осы бағыттағы іс-шаралар жалғасып жатыр.