Оны қызметінен босату ұсынылды
Павлодар облысында Қалқаман ауылдық округінің әкімі мас халде ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni KazTAG-қа сілтеме жасап.
Қалқаман ауылдық округінің 31 жастағы әкімі қызметтік автокөлікті мас халде жүргізген. Мұны медициналық сараптама растады. Тілеуғали Кендебай 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар ол 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.
Әдеп жөніндегі кеңестің шешіміне сәйкес, Қалқаман ауылдық округінің әкімі Тілеуғали Кендебайды қызметінен босату ұсынылды, - деді әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Асхат Іскендіров.
Айта кетсек, Қалқаман ауылдық округінің әкімі бұл лауазымға былтыр желтоқсанда тағайындалған болатын.