Halyq Uni логотип
×

Кәрім Мәсімовтің тағы бір туысы Ресейде іздестіріліп жатыр

Бұл – Мәсімовтер ісіне қатысты Ресей жариялаған екінші іздеу

 Халық үні 28.11.2024 | 23:55
Кәрім Мәсімовтің тағы бір туысы Ресейде іздестіріліп жатыр
фото: Наталья Селиверстова/РИА Новости

Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Азамат Кәпеновтің кіші інісі Медер Кәпеновке РФ ІІМ іздеу жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Іздеуге негіз болған себептер мен айыптаулар туралы нақты мәліметтер әзірге жарияланбаған.

Бұл – Мәсімовтер ісіне қатысты Ресей жариялаған екінші іздеу. Бұған дейін биыл Антикордың бастамасымен Азамат Кәпенов халықаралық іздеуде болған еді.

Айта кетсек, Медер Кәпенов 1993 жылы Қырғызстанда дүниеге келген. 2000-жылдардың соңынан бастап Мәскеуде өмір сүріп, білім алған. Қазақстандағы «Трансконтейнер Евразия» және «Евротранс Актив» логистикалық компаниялары иелерінің бірі болған.

Ал Ресейде ол жылжымайтын мүлікпен айналысатын «Рубиус» компаниясының иесі болған. 2022 жылдың мамырында Медер Кәпенов қазақстандық төлқұжатын сақтай отырып, Қырғызстан азаматтығын қоса алған.

Еске сала кетсек, Азамат Кәпенов 2015 жылы Кәрім Мәсімовтің үлкен қызына үйленгеннен кейін танымал адамға айналды. Оған қатысты іздеу карточкасында істің биыл 9 тамызда ШҚО-да тіркелгені көрсетілген. Ол ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Іздестірілу себебі «БИПЭК-Автоның» негізін қалаушы Анатолий Балушкиннің ісімен байланысты болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама