Halyq Uni логотип
×

Ақтауда жертөледен ер адамның мәйіті табылды

Марқұмның нақты тұрғылықты жері жоқ

 Халық үні 28.11.2024 | 08:05
Ақтауда жертөледен ер адамның мәйіті табылды
фото: Halyq Uni

Ақтауда жертөледен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, ер адамның денесі 28А шағын ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесінен табылған. Ал Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметі мәйіттің 16 қарашада табылғанын мәлім етті. Марқұмның нақты тұрғылықты жері жоқ көрінеді.

Кісі өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сот-медициналық сараптамасын жүргізу тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді, - делінген ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама