Halyq Uni логотип
×

«Бұл соғыс НАТО-ның араласуынсыз бітпейді»: АҚШ генералы мәлімдеме жасады

Ол Солтүстік Альянстың Ресейге шамасы жетпесе өз қызметін тоқтату керектігін айтты

 Дастан Жұмабекұлы 15.06.2022 | 16:36
«Бұл соғыс НАТО-ның араласуынсыз бітпейді»: АҚШ генералы мәлімдеме жасады
фото: zn.ua

АҚШ пен НАТО одақтас күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы (1997 – 2000) Уэсли Кларк Ресей мен Украинаның соғысына қатысты мәлімдеме жасады.

Nangs.org порталының хабарлауынша, отставкадағы генерал Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын тоқтату үшін НАТО күштері тікелей араласуы қажет не болмаса Солтүстік Альянас өз қызметін тоқтатуы керек деп мәлімдеді.

Бас хатшы Йенс Столтенбергтің идеясы, яғни «егер НАТО-ға тікелей шабуыл жасалмаса, одақ ешқандай әрекетке бармайды» деген идеясы 90-жылдары тиімсіз екенін көрсеткен еді. НАТО араласуы керек. Мұны ресми түрде жариялап, ресейліктерге атысты тоқтатуды бұйырайық. НАТО-ның араласуынсыз соғысты тоқтату мүмкін емес, – деді ол.

Ал әзірше Батыс елдері Украинаға ең соңғы үлгідегі қаруларды беру туралы айтып жатыр. Мысалы, АҚШ Украинаға реактивтік дүркін отты жүйені керегінше көптеп беретін болса, Германия канцлері Олаф Шольц Берлиннің Украинаға ең соңғы үлгідегі қазіргі заманғы қаруларды бергелі жатқанын растады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама