Қалалық ПД баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді
Шымкентте ІІМ Бауыржан Момышұлы оқу орталығындағы оқу-жаттығу кезінде граната жарылып, салдарынан курсанттар зардап шекті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ішкі істер министрлігінің оқу орталығында жарқыл-шу гранатасының жарылғаны туралы ақпарат бүгін мессенджерлерде тарады. Одан кейін жарылыс салдарынан жарақат алған 5 курсанттың жедел түрде ауруханаға жатқызылғаны айтылды.
Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді.
Бұл факті жоспарлы оқу іс-шараларын өткізу кезінде болды. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша тексеру жүргізіледі. Қазір 2 курсант медициналық мекемеде емделіп жатыр. Олардың жағдайы тұрақты, - деп мәлімдеді ведомство.