Halyq Uni логотип
×

Абай облысында контрафактілік алкоголь сату фактісі тоқтатылды

Заңбұзушылық анықталды

 Қымбат Елтайқызы 26.11.2024 | 16:48
Абай облысында контрафактілік алкоголь сату фактісі тоқтатылды
фото: Halyq Uni

Абай облысында контрафактілік алкоголь өнімдерін сату фактісі тоқтатылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Семей қаласында ҰҚҚБ қызметкерлері 27 жастағы жергілікті тұрғынның заңсыз әрекетін әшкереледі. Ол жертөле бөлмесінде контрафактілік алкоголь өнімдерін жасап, оны бөлшек саудамен сатуды ұйымдастырған, деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.

Оперативті шаралар барысында 358 литр спирт және 650-ден астам бөтелкеге құйылған дайын алкоголь өнімдері тәркіленді, – деп қосты ведомство.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама