×

Украинаға Германиядан ең соңғы үлгідегі қару келе жатыр

Бұған дейін ГФР-ден бірде-бір қару-жарақ жеткізілмеген еді

 Дастан Жұмабекұлы 15.06.2022 | 16:13
фото: focus.ua

Германия канцлері Олаф Шольц Берлиннің Украинаға ең соңғы үлгідегі қазіргі заманғы қаруларды бергелі жатқанын растады.

«Украинская правда» басылымының хабарлауынша, Шольц Германияның Украинаға соғыстың басынан бері қару-жарақ беріп келе жатқанын, соғыс біткенше дейін әлі де солай бола беретінін айтқан.

Қазір Украина үшін қысылтаяң кез келіп тұр.  Украинаға көптеп қару-жарақ керек. Егер біз соңғы үлгідегі қаруларды бермесек ертең кеш болуы мүмкін. Сондықтан енді Украинаға ортақол қарулармен бірге, қазіргі заманғы зенит жүйесі мен артиллерияны тауып алатын радар жеткіземіз, – деді канцлер.

Шольц қару-жарақтарды беріп тұрудың Еуропа мен НАТО-дағы әріптестермен үйлесімділік жолымен іске асырылатынын мәлімдеді.

Ол Германия мен оның одақтастары үшін «НАТО-ның әрбір сантиметр жерін қорғаудың маңызы зор» екенін атап өтті.

Сондықтан Берлин НАТО-ның шығыс аумағын қорғауға қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасай береді, - деді ол.

Осы арада айтатын бір нәрсе, бұған дейін Шольц Украинаға әскери көмек көрсетілетінін мәлімдегеніне қарамастан, немістің бірде-бір қаруы жеткізілмеген еді. Осыған байланысты Бундестаг депутаттары Ресейдің жеңілуі үшін украин әскерлерін қолдау керектігін айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама