Олар жаппай іздестірілді
Ақмола облысында хабар-ошарсыз кеткен екі тұрғынның қайда екені анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Polisia.kz мәліметінше, 21 қарашада Есіл ауданының полиция бөлімінен ер адам көмек сұрады. Ол тәртіп сақшыларына өзімен бірге тұратын әйелі хабарсыз кеткенін айтып, іздеуге жәрдемдесуді өтінді. Әйел 6 қарашада үйден белгісіз бағытта кетіп, қайтып оралмаған.
Сондай-ақ, 22 қарашада полицияға Атбасар ауданының тұрғыны ағасының жоғалғаны туралы арызбен жүгінді. 8 қарашада ол өзінің пәтерінен сыртқа шығып, белгісіз бағытқа қарай кеткен, – делінген ақпаратта.
Осы күндері облыста өткізіліп жатқан «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы аясында сақшылар жоғалған адамдардың екеуінің де қайда екенін анықтады. Ақмола облысының полиция департаменті өңір тұрғындарын өздерінің жоспарлары жайлы әрқашан туыстары мен жақындарына хабарлап отыруға шақырады.