Ол қызметкерлерден ақша жинаған
Түркістан қалалық сотының үкімімен облыстық ветеринария басқармасы Ветеринарлық қызметінің басшысы Бахытжан Бегманов сотталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Антикор мәліметінше, ол аудандық ветеринариялық қызметтің 115 қызметкеріне сыйақы ретінде төленген жалпы сомасы 5,5 млн теңгені жинаған. Осылайша, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған. Сот оны кінәлі деп тапты.
Сот үкімімен Бахытжан Бегмановқа 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеліп, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.