Оған дейін тұрғын үй кезегіне қою операцияларын жергілікті атқарушы органдар жалғастыра береді
Отбасы банкінің ұлттық даму институтына өту уақыты 6 айға созылады, деп хабарлайды Halyq Uni банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өту кезеңінде:
24 мамырдан бастап азаматтардың тұрғын үй кезегіне тұру туралы өтініші Отбасы банкінде қабылданады. Оған дейін тұрғын үй кезегіне қою операцияларын жергілікті атқарушы органдар жалғастырады.
Айта кетсек, банк көптеген мемлекеттік дерекқормен біріктірілді және болашақта олардың саны ұлғайтылады.
Бұл «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» жүйесіне мына деректерді автоматты түрде тексеруге мүмкіндік береді:
Автоматтандыру тұрғын үйге кезекке қоюдың, тұрғын үйді бөлудің ашықтығын қамтамасыз етеді және адами фактордың әсерін жояды.
Бұл ретте Отбасы банк ұлттық даму институтына айналғаннан кейін екінші деңгейлі банк мәртебесін сақтап, Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің реттеуінде қалады. Банк салымшылары Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының депозиттерді кепілдендіру жүйесінің қорғауында қалады. Бұл жинақтардың тұрақтылығы мен қаражаттың сақталуын қамтамасыз етеді.
Банк тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асыруды жалғастырып, барлық қазақстандыққа қолжетімді несие береді.
Сондай-ақ мына бағыттар сақталады: