Қызылорда әуежайында 2 млн теңге пара алған полиция бастығы ұсталды

Халық үні

Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады

фото: Halyq Uni

Қызылорда облысында пара алды деген күдікпен полиция майоры ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni Kozachkov offside Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Нақты айтқанда, Қызылорда әуежайында қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы 2 млн теңге пара алып жатқан жерінде ұсталған.

Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады.

ҰҚК департаменті мен жеке қауіпсіздік департаменті бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз әрекеттер жасағаны үшін полиция қызметкерін ұстады. Ол ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды, – делінген полиция хабарламасында.