Halyq Uni логотип
×

«ҚазМұнайГаз» Жаңаөзендегі жұмысшылар наразылығына пікір білдірді

Қарашаның ортасында «Бұрғылау жұмыстары басқармасы» жұмысшылары бірнеше талап қойды

 Дәурен Ерболат 25.11.2024 | 14:51
«ҚазМұнайГаз» Жаңаөзендегі жұмысшылар наразылығына пікір білдірді
Фото: Halyq Uni

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Өзенмұнайгаз» АҚ-ға қарасты «Бұрғылау жұмыстары басқармасы» жұмысшыларының наразылығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

Бүгін сағат 10-дағы ақпарат бойынша «Бұрғылау жұмыстары басқармасы» (БЖБ) компаниясының 460 адамының тең жартысы, яғни 210-ы жұмысқа шықты. Бұған дейін олармен жұмыс істеп жатқанымызды айттым. Олардың талабы орындалмайды деп айттық. Оған ресми жауап та бергенбіз, - деді Асхат Хасенов Мәжілістегі Үкімет сағатынан соң.

Басқарма төрағасы Жаңаөзендегі мәселені шешуге тырысып жатқанын жеткізді.

Бізде нақты алгоритм бар. Бізде олармен жүйелі түрде қарым-қатынас бар. Мен барлық кәсіподақпен жеке кездесіп жатырмын. Оның ішінде тамызда 37 кәсіподақпен («Өзенмұнайгазға» қарасты) кездестік. Менен басқа «Өзенмұнайгаз» басшылығы, өкілдік, арнайы орынбасар бар. Барлығы (мұнайшылармен) кездесіп жатыр. Кездесуде мәселе жоқ. Біз диалогқа дайынбыз, қашып жатқан жоқпыз, - деді ол.

Еске салайық, 12 қарашадан бастап Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы «Өзенмұнайгазға» қарасты «Бұрғылау жұмыстары басқармасы» жұмысшылары наразылыққа шықты.

Олар жұмыс берушіден зейнетке шыққан және өндіріс салдарынан денсаулығынан айырылған мұнайшылар баласын жұмысқа орналастыруды, 55-58 жастағы жұмысқа жарамсыз болып қалған тұрғындар өз еркімен жұмыстан кеткен жағдайда 300 АЕК (1 млн 107 мың) өтемақы төлеуді, техниканы жаңартып, операторлар мен машинистер разрядын көтеруді, дербес еңбекақы жүйесіне өтіп, жалақыға салынатын салықты жұмыс беруші төлесін деген талап қойып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама