Тізімде үш адам бар
15 желтоқсанда Талғар ауданы Талғар қаласы әкімін анықтау үшін сайлау өтеді. Әкімдік сайтында кандидаттардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Тізімде үш адам бар. Оның бірі – «Amanat» партиясы атынан ұсынылған Арыстанбек Абихаирұлы. 1983 жылы туған ол «Талғар тұрғын үй» ЖШС-ны басқарады.
Екінші кандидат – Жәнібек Каденов. 1991 жылы туған Каденов «Талғар ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің қаржы-шаруашылық бөлімінде бас маман болып жұмыс істейді. Оны Қазақстан халықтық партиясы ұсынған.
Соңғы үміткер – Әлібек Рамазанов. Ол өзін-өзі ұсынған. Ол Бесағаш ауылдық округінің аппарат мемлекеттік мекемесінде әкімнің орынбасары болып қызмет етеді.
Айта кетейік, бұған дейін Талғар қаласының әкімі Бақыт Күрішбеков қызметінен босатылғаны хабарланған.
Талғар қаласының әкімі Бақыт Күрішбеков пен қала әкімінің орынбасары Сағындық Матан өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қызметтен босатылды, – деп мәлімдеді Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұған қоса, сеніп тапсырылған аумақта бақылауды әлсіреткені үшін Талғар ауданының әкімі Таңат Айдарбековке сөгіс жарияланды.