Halyq Uni логотип
×

«Анасы қызының сөзіне сенбеген»: әкім өңірде анықталған зорлық-зомбылық туралы

Павлодар облысында биыл 30 жағдай тіркелген

 Халық үні 25.11.2024 | 13:18
«Анасы қызының сөзіне сенбеген»: әкім өңірде анықталған зорлық-зомбылық туралы
Фото: Halyq Uni

Павлодар облысы әкімі Асайын Байханов өңірде кәмелетке толмағандарға қатысты зорлықтың жиілегеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Әкімнің айтуынша, 2023 жылы облыста балаларға қатысты 30 жыныстық қылмыс тіркелген. 2024 жылы қазірге дейін тағы 30 дерек анықталды. Оның ішінде 22 жағдай – зорлау. 

25 жағдай үй ішінде болған. Ал қалған 5 жағдай үйден тыс жерде болған. Бұл жағдайда жасөспірім өз еркімен қонақүй, саябақтарға барған.  14 жағдайды ата-аналар анықтаған, қалған 16 жағдайды мемлекеттік органдар анықтады, оның ішінде психологтар да бар, - деді Байханов.

Айтуынша, биыл анықталған жыныстық әрекеттің барлығы дерлік 2017-2021 жылдар аралығында жасалған. 

Кейінгі уақытта тіркелген жағдайға келсек, ол істер бойынша тергеу әлі аяқталған жоқ. Барлық істі жеке бақылауыма алдым. Бір жағдайда қамқоршысына берілген балаға қатысты әрекет анықталды. Қалған жағдайдың бәрінде балалардың ата-анасы бар, арасында ата-анасының біреуі ғана тәрбиелеп отырған балалар да бар. Іс бойынша тергеу жүріп жатыр, - дейді Павлодар облысы әкімі.

Әкімнің сөзінше, Майқайыңдағы қыз екі жыл бұрын алдымен анасына өзіне қатысты болған зорлық әрекет туралы айтқан. Алайда анасы қызының сөзіне сенбеген. Содан кейін қыз жағдайды әкесіне жеткізген, алайда ата-анасы ешқандай шара қабылдамаған, құқық қорғау органдарына жүгінбеген. 

Қазір тергеу жүріп жатқан 5 жағдай менің жеке бақылауымда. Құқық қорғау органымен күнделікті байланыстамын. Кейінгі уақытта 3 баланың ата-ана құқығынан айырылды. Ішінде бір қыз әжесінің қамқорлығына берілді. Қалған екі бала балалар ауылында тәрбиеленіп жатыр, - дейді әкім.

Айта кетейік, Павлодарда бұған дейін бір үйдің кәмелеттік жасқа толмаған екі баласына қатысты зорлық жасалғаны белгілі болды. Облыстық білім беру басқармасы ақпаратына сәйкес, жантүршігерлік жайт колледжде оқитын қызға қатысты зорлық дерегін тергеу барысында анықталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама