×

Қызылордалық фельдшер өртеніп жатқан ұшақтан адамдарды құтқарып қалды

Фельдшер өз әрекетін ерлік деп санамайды

 Еркеғали Болатұлы 15.06.2022 | 14:58
фото: видеодан скриншот

Қызылорда облысында фельдшер Марат Мейрамбек жанып жатқан ұшақтағы адамдардың өмірін аман алып қалды. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасы хабарлады.

Медициналық авиация диспетчерлік пунктіне Арал ауданынан ақпан айының басында қант диабетімен ауыратын 16 жастағы науқастың комаға түскені туралы қоңырау түскен. Сол кезде Марат Мейрамбек тек науқасты ғана емес, басқаларды да құтқаруға тура келетінін күтпеген еді.

«Қызылорда – Арал» бағыты бойынша жедел жәрдем рейсін орындаған Ан-2 ұшағы апатты жағдайда қону кезінде жанып кетіпті. Сол кезде Марат Мейрамбек жалынға оранған салоннан қымбат медициналық құрал-жабдықтар мен оттегі баллонын алып шыққан. Ұшақ соңғы сәтте кез келген секундта жарылып, екі ұшқыштың өмірін қиюы мүмкін еді.

Ешқандай қорқыныш, үрей болған жоқ. Тек сабырлы және тез әрекет ету керек деп ойладым. Апат кезінде өзімді ойламадым. Бар ойым тез шешім қабылдап, медициналық құрал-жабдықтарды құтқару және эвакуациялау болды, – дейді фельдшер.

Фельдшер өз әрекетін ерлік деп санамайды. Сондықтан ол апаттан кейін ертесінде кезекшілігіне қайта оралып, жұмысқа қайта кірісіп кеткен.

«Соңғы 10 жылда мұндай апат бірінші рет болып отыр. Фельдшеріміздің батылдығы мен ұшқыштардың кәсібилігінің арқасында ешкім зардап шеккен жоқ. Жалпы, жыл басынан бері 56 рет ұшып, Марат сияқты дәрігерлеріміздің білікті көмегіне мұқтаж ондаған науқасты аман алып қалдық», – дейді медициналық авиация бөлімінің басшысы Марал Әйтімов.

Айта кетсек, қазіргі жедел жәрдем ұшағының шыққанына жарты ғасырдан асқан және олармен ұшу қауіпті болып барады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматыда бір отбасы жол апатынан зардап шекті

Оқиға жаяу жүргіншілер өткелінде болды
02.10.2022 | 14:22

Аймағамбетов мұғалімдерді Ұстаздар күнімен құттықтады

Білім беру саласында 500 мыңға жуық педагог еңбек етеді
02.10.2022 | 13:07

127 адам қаза болды: Индонезия президенті стадиондағы жанкүйерлердің өлімін тергеуді тапсырды

Дәрігерлердің айтуынша, өлім жағдайларының көбіне тұншығу себеп болған.
02.10.2022 | 12:04

TikTok Қазақстанда өкілдігін ашады

Компания вице-президенті қазақстандық контентті өте сапалы деп бағалады
02.10.2022 | 11:01