Halyq Uni логотип
×

Қостанай облысында ит қапқан 13 адамға құтырма диагнозы қойылған

Зардап шеккендердің 1096-сы жедел жәрдемге қауіпті жағдайда жүгінген

 Халық үні 24.11.2024 | 22:30
Қостанай облысында ит қапқан 13 адамға құтырма диагнозы қойылған
фото: Батыр Беспаев

Қостанай облысында ит қауып алғандардың дені – балалар мен жасөспірімдер, деп хабарлайды Halyq Uni Kazinform-ға сілтеме жасап.

Облыстық СЭС департаменті 1 700-ден аса ит қауып алу жағдайы тіркелгенін мәлімдеді. Оның 879-ы – бұралқы иттер. Сондай-ақ облыстың 710 тұрғыны мысықтан, 8-і жылқыдан, 11-і ірі қарадан, 108-і жабайы жануарлардан зардап шеккен.

Зардап шеккендердің 1096-сы жедел жәрдемге қауіпті жағдайда (бас, бет, мойын, саусақтар мен қолдар жарақаты) жүгінген.

Ит қапқан 13 адамнан құтыру диагнозы анықталды. Зардап шеккендерге құтырмаға қарсы екпемен шұғыл медициналық көмек көрсетілді.

Бұл өңірде құтырма ауруы соңғы рет 2015 жылы тіркелген. Бұған дейін Қостанайда бұралқы иттерді аулау және зарарсыздандыру бағдарламасы қайта қолға алынғаны айтылған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама