Қостанай облысында жойқын жарылыстың алды алынды
Жеке тұрғын үйден өрт шықты
Қостанай облысында өрт сөндірушілер жойқын жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды Halyq Uni.
ТЖМ ақпаратына сәйкес, бүгін Мендіқара ауданы Боровское ауылында жеке тұрғын үйде өрт шыққан.
Барлау барысында өрт сөндірушілер газ баллонын тауып алып, оны суытып, қауіпсіз жерге шығарды. Жарылыс қаупінің алды алынғаннан кейін, өрт кәсіби өрт сөндірушілермен даму кезеңінде сөндірілді, – делінген хабарламада.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.