Симонов азаматтардың қауіпсіздігіне алаңдап отыр
Сенат депутаты Сергей Симонов «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» қабылданған заңды жүзеге асыру кезінде жауапсыздық танытқан лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту керектігін айтты, – деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Симонов депутаттық сауалын Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа жолдады.
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң күшіне енген кейінгі соңғы үш жарым айда бірнеше бала өліп, ауыр жарақат алды. Соңғы оқиға 9 маусымда Ақтөбеде болды, ол кезде иттерге таланған 12 жастағы баланың денесі табылды. Депутаттардың өңірлерге шығуы кезінде тұрғындардан және жергілікті атқарушы органдардан жабайы иттер мәселесіне, қабылданған Заңды жүзеге асыру тетігінің жоқтығына қатысты шағымдар түсті. Біз Заң күшіне енбей тұрып дабыл қаға бастадық. Жүзеге асыру механизмдері мен тиісті қаржыландыру болмаған жағдайда проблемалардың туындайтыны бәріне белгілі, – деп мәлімдеді депутат.
Оның айтуынша, аталған мәселеге байланысты Экология министрлігіне, Ауылшаруашылығы министрлігіне сауалдар жолданған. Алайда лайықты жауап ала алмаған депутаттар үкімет басшысына ел азаматтарының, оның ішінде балалардың өміріне қауіп төндіріп тұрған мәселенің шұғыл түрде шешілуі қажет екендігін айтты.
Бұл ретте депутат келесі міндеттерді жүзеге асыру керек деп есептейді: