×

«Балалардың өміріне қауіп төніп тұр» – депутат селқос шенеуніктерді жауапкершілікке тартуды ұсынды

Симонов азаматтардың қауіпсіздігіне алаңдап отыр

 Динара Амантай 15.06.2022 | 14:10
Коллаж: Halyq Uni

Сенат депутаты Сергей Симонов «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» қабылданған заңды жүзеге асыру кезінде жауапсыздық танытқан лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту керектігін айтты, – деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Симонов депутаттық сауалын Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа жолдады.

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң күшіне енген кейінгі соңғы үш жарым айда бірнеше бала өліп, ауыр жарақат алды. Соңғы оқиға 9 маусымда Ақтөбеде болды, ол кезде иттерге таланған 12 жастағы баланың денесі табылды.  Депутаттардың өңірлерге шығуы кезінде тұрғындардан және жергілікті атқарушы органдардан жабайы иттер мәселесіне, қабылданған Заңды жүзеге асыру тетігінің жоқтығына қатысты шағымдар түсті. Біз Заң күшіне енбей тұрып дабыл қаға бастадық. Жүзеге асыру механизмдері мен тиісті қаржыландыру болмаған жағдайда проблемалардың туындайтыны бәріне белгілі, – деп мәлімдеді депутат.

Оның айтуынша, аталған мәселеге байланысты Экология министрлігіне, Ауылшаруашылығы министрлігіне сауалдар жолданған. Алайда лайықты жауап ала алмаған депутаттар үкімет басшысына ел азаматтарының, оның ішінде балалардың өміріне қауіп төндіріп тұрған мәселенің шұғыл түрде шешілуі қажет екендігін айтты.

Бұл ретте депутат келесі міндеттерді жүзеге асыру керек деп есептейді:

  • заңды жүзеге асыру үшін барлық құқықтық актілерді қабылдауды аяқтауды тездету;
  • Заңда көзделген талаптарды орындау бойынша шаралар әзірлеу және орындалуын қатаң бақылауға алу;
  • Үкiмет резервi есебiнен өтпелi кезеңде туындаған мәселелерді жою үшiн ЖАО-дан қаражат бөлу;
  • қабылданған заңды жүзеге асыру кезінде жауапты тұлғалардың өз міндеттерін лайықты орындамауының себептерін анықтау және сол үшін жауапкершілікке тарту.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама