Алматы облысында мас тұрғын өзімен бірге ішімдік ішкен әйелін өртеді

Халық үні

«Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

фото: Halyq Uni

Алматы облысында бірге ішімдік ішкен азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар жаға жыртысып, артынша күйеуі әйелін өлтіріп тына жаздады, деп хабарлайды Halyq Uni.

HALYQSTAN Telegram-арнасының мәліметінше, оқиға Бәйдібек ауылында болған. Кейін екі мастың арасында жанжал туындап, төбелесе кеткен. Соның салдарынан ер адам әйелдің үстіне бензин құйып, сіріңке тұтатып жіберген.

Әйел ауруханаға II дәрежелі күйікпен жатқызылды.

Полиция «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазір қылмыстың барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.

Еске сала кетсек, бұған дейін осы өңірдегі Қарасай ауданы тұрғынының әйелін жұмысына іздеп барып, балғамен ұрып өлтірмек болғанын жазған едік.