Қарасай ауданының тұрғыны әйелінің жұмысына барып, оны балғамен ұрып-соққан (ВИДЕО)

Халық үні

Дәрігерлер басымның жеті жерінен тікті, - дейді жәбірленуші

фото: видеодан скриншот

Алматы облысы Қарасай ауданының тұрғыны әйелінің жұмысына барып, оны балғамен ұрып өлтірмек болған, деп хабарлайды Halyq Uni.

Соның салдарынан жәбірленушінің басы бірнеше жерден жарылып, қолдары сынған. Оны негізінен әріптестері аман алып қалды. Артынша ер адам мектепке барып, өзінің баласына зиян келтірмек болған. Бірақ мектеп директоры оны мектеп ғимаратына кіргізбеген.

Күйеуім жұмысқа кіріп келді де басымнан балғамен ұра бастады. Тірі қалу үшін есікке жүгірдім. Қолыммен өзімді аршалаған кезде шынтақ бөлігі сынып кеткен. Көрші дүкендегі сатушы көмекке келіп, сырттан көмек шақырып, мені арашалап қалды. Дәрігерлер басымның жеті жерінен тікті, - дейді жәбірленуші.

Алматы облысының полиция департаменті болған оқиғаға қатысты түсінік берді.

Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Соттың санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде заңды шешім қабылдана отырып, мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті тексеру үшін заңда көзделген барлық шара қабылданады. Тергеу барысы бақылауда, – деді полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.

Тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат жария етілмейді.