Алматыда пәтердегі өрттен 9 жастағы бала құтқарылды

Динара Амантай

Ол үйде ересектердің қарауынсыз қалған

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Алматыда ТЖМ қызметкерлері жанып жатқан пәтерден баланы құтқарды, деп хабарлайды Halyq Uni.

ТЖМ мәліметінше, Жетісу ауданы Айнабұлақ-3 шағын ауданында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шыққан.

Өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден 2017 жылы туған баланы құтқарды. Өрт 50 шаршы метр алаңда сөндірілді. Құтқарылған бала жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды, – делінген хабарламада.

Бала ересектердің қарауынсыз үйде жалғыз болған.