«Фосфорник» мәдениет үйінің орнында жастар сарайы салынады
Шымкентте сотталған олигарх Тоқтар Төлешовке тиесілі болған ғимарат сүрілді, оның орнына жастар сарайы салынады. Бұл туралы Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Брифинг барысында әкімге «Сыра королі» атаған Тоқтар Төлешовке тиесілі болған «Фосфорник» мәдениет үйінің орнында жастар сарайы салынатыны айтылды. Бұл жұмыс қашан аяқталады?» деген сауал жолданды.
Әкім жобаға қаржы бар екенін, орнына жаңа нысан салынатынын жеткізді.
Мәдениет үйіндегі ескі ғимараттың бір бөлігін сүріп тастадық. Ол сейсмикалық және басқа да техникалық талапқа сәйкес келмеді. 3 рет тексеріс жүргіздік. Қазір сүрілген ескі ғимараттың бір бөлігін толық тазаладық. 2025 жылдың ақпанында құрылысты бастауды жоспарлап отырмыз. Жоба демеушілердің қаржысы есебінен салынады, - деді Сыздықбеков.
Айта кетейік, «Шымкент сыра» зауытының бұрынғы иесі, олигарх Тоқтар Төлешов 2016 жылы Шымкентте ұсталды. Кәсіпкерге Қылмыстық кодекстің 15 бабы бойынша айып тағылды. Сол жылдың 7 қарашасында Тоқтар Төлешов 21 жылға сотталды.