Halyq Uni логотип
×

Павлодар облысында бір үйдің екі баласын зорлаған

Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды

 Динара Амантай 22.11.2024 | 11:52
Павлодар облысында бір үйдің екі баласын зорлаған
Фото: Halyq Uni

Павлодарда бір үйдің кәмелеттік жасқа толмаған ағасы мен қарындасын зорлаған, деп хабарлайды Halyq Uni.

Облыстық білім беру басқармасы ақпаратына сәйкес, жантүршігерлік жайт колледжде оқитын қызға қатысты зорлық дерегін тергеу барысында анықталған.

Колледждің кәмелетке толмаған студентіне қатысты зорлық-зомбылықты сотқа дейінгі тергеу барысында құқық қорғау органдары қыздың мектепте оқитын ағасына қатысты зорлық-зомбылық фактісін анықтады. Кәмелетке толмағандарға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Өзге мәлімет тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама